Газетіміздің №08(196) нөмірінде Әнші аруымыз Қарақат Әбілдинаның Сауд Араб елі патшайымының арнайы шақыруымен баратыны жайлы сұхбат жарияланған еді. Бұл күнде әнші қызымыз сол сапардан туған жерге қайта оралып, қайнаған өнердің қызу жұмысына кірісіп кетіпті. Бойындағы өнерімен, әйелге тән сұлулығымен арабтарды тәнті еткен Қарақаттың Сауд Араб елінен алған әсері орасан.
ЖОЛ САПАРДАН КЕЙІНГІ ОЙЛАР
- Қарақат әпке, Сауд Араб еліндегі концерт қалай өтті?
- Жаман болған жоқ. Шамасы 45-тей мемлекеттің өкілдері қатысты. Өз үрдістері бойынша әр елден бір-бір өкіл ғана қатысады екен. Соның ішінде Қазақстанның атынан мен қатыстым. Концерт үш жарым мың адам сиятын үлкен сарайда өтті. Концертті көруге келушілердің көптігі сонша, ішінде бос орын болған жоқ. Ол жақта әйел мен ерлер бірігіп жүрмейді екен. Әйелдер бөлек, ерлер бөлек жүреді. Сондықтан мен қатысқан шарада да ер азаматтар болған жоқ. Патшайымның қатысуымен тек қыз-келіншектер ғана болды. Концертке ең бетке ұстар, құрметті адамдар шақырылған екен. Байлар да болды. Бұл шарадан түскен қаражатты жетім балаларға, мүгедектерге, қайырымдылық қорына аударады. Үлкен ас беріліп жатты. Бұл жылына бір-ақ рет болатын шара екен. Оған Индия, Япония, Тайван, Филиппин сынды өте көп мемлекеттің өкілдері қатысты. Концерт өте тұшымды өтті. Жалпы, маған ұнады.
- Ондағы тыңдарманның қазақ әніне деген ықыласы қандай екен?
- Бұрын аса қатты таныс болмағаны көрініп тұр. Таныстырылым ретінде, мен шығар алдын үлкен экраннан Қазақстан туралы кішкене видеоролик көрсетілді. Бірақ, бірден ұлттық киімде, ұлттық аспапта, жетігенмен халық әнін орындағанымда ерекше әсерленді. Құдайға шүкір, өте жақсы, жылы қабылдады. Сый-сияпатсыз да болған жоқпыз. Ең бастысы, ойдағыдай өтті.
- Жалпы, Сауд Араб елі сізге қандай ерекшелігімен ұнады?
- Бұл дінге көп көңіл бөлетін мемлекет екен. Сондықтан рухани жандүниеміз тазарып қайтқандай әсерде болдық. Қайрат Қайырбекұлы деген елшіміз де керемет кісі екен. Күлпан есімді жары бар. Бізді өте жақсы қарсы алды. Біз сол өзіміздің елшілікке тоқтадық. Олар астымызға көлік беріп, қаланың керемет жерлерін аралатып, бізге керемет қызмет көрсетті. Бізге елшілердің көрсеткен құрметі ретінде Меккеге бару жолдамасы бұйырды. Әрине, бұл біз үшін үлкен мәртебе. Кіші қажылық дейміз ғой, Меккеге барып, жолын жасап қайттық. Жұма күні сонда түнеп, тілегімізді тіледік.
Әдемі есте қалатын сәттер көп болды. Соның бірі өздерінің дәстүрлі киімдерін киюіміз. Біз “хиджаб” дейміз ғой. Ал онда оны “абая” деп атайды екен. Сол абаяны барғаннан, кеткенше киіп жүрдік.
- Өзіңіз өнер көрсеткен патша мен патшайым жайында айтып өтсеңіз...
- Бұл патшайымның ұйымдастыруымен болып жатқан шара. Патшаның бесінші әйелі екен. Жасы алпыстан асқан үлкен кісі. Сол кісінің ұйымдастыруымен бұл шара жылына бір-ақ рет болады. Жалпы, ол жақта батыстық мәдени іс-шаралар жоқ деуге болады-ау. Көшелерінде музыка, музыка болғанда да тарс-тұрс еткендерді тыңдауға мүлде болмайды. Мен қатысқан шарада да ондай даңғырлаған ешқандай артық дыбыс болған жоқ. Әркім өзінің ұлттық аспабымен халық әнін орындады.
- Сауд Араб елінен қандай түйін түйіп қайттыңыз?
- Өте маған ұнағаны, тағыда айтамын, жан дүниеміз тазарып қайтты. Ол жерде өзіңнің пенде екеніңді сезінесің. Ешқандай жылтыраған дүние жоқ. Адамдардың үстіндегі бар киімі екі метр мата ғана. Адам өлгенінде екі метр ақ матаға орап, жерлейсің ғой. О дүниеге екі метр матадан басқа ештеңе де алып кетпейді. Міне, олар соны тіршілікте көрсетеді. Ерлер екі метр ақ матаға, әйелдер қара матаға оранып жүреді. Біз де солай оранып жүрдік. Әр елдің өз заңы бар. Сен сол елде жүргеннен кейін, сол елдің топырағын басқаннан кейін сол елдің шартымен жүруің керек. Сен саяхатшысың ба, қонақсың ба ешқандай айырмашылық жоқ. Сол елдің заңына бағынып, киімін кию керексің. Тіпті, шашыңның бір талы да көрінбеуі керек. Оған олар тым қатал қарайды екен.
Біз Реат деген қаласында болдық. Өте діни жер. Онда бес уақыт намаз кезінде бүкіл қозғалыс тоқтайды. Дүкендердің барлығы жабылады, көліктер жүрмейді. Қыбырлыған тіршілік атаулының барлығы тоқтап, үнсіздік жайлайды. Тек оқылып жатқан намаздың ғана даусы шығып тұрады. Бұл кезде ешкім ештеңеге алаңдамай, кішкентай баладан, еңкейген кәріге дейін намаз оқиды. Мұндай жерге барғанда әрине, сіз тек қана Алланы ойлап, өзгеше әсерде боласыз.
Өмірі көрмеген Меккеге де бірінші рет аяқ бастық. Жұма күні сонда барып, намаз оқып, керемет күй кештік. Жалпы, бұл сапардан ерекше көңіл-күймен оралдық.
- Көрген-білгеніңізді оқырманмен бөліскеніңізге, үлкен рахмет! Өнеріңіз өрлей берсін!
Сұқбаттасқан:
Гүлбақыт ҚОЙЛЫБАЕВА.