2/15/2008

ЕЛБАСЫ ЖАҚСЫ БАСТАМА КӨТЕРІП ОТЫР, АЛ БІЗ ОҒАН ДАЙЫНБЫЗ БА?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында: «Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет. Министрліктер мен әкімдіктер салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан Үкімет оған барынша ауқымды дәрежеде көңіл бөлуге тиіс», - дегенді айтты.
Мемлекет басшысы жақсы баста-ма көтеріп отыр. Бірақ, біз бұған дайынбыз ба? Ендеше, Қазақстан спортының қазіргі жағдайына сарап-тама жасап көрейік.
Елбасы «Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даяр-лыққа және оған ең қолайлы мүмкін-діктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек» депті. Иә, мықты спортшы болу үшін, бала кезден жаттыққан дұрыс. Ал біздің қазіргі мектептегі балаларымыз дене шынықтыру саба-ғын қалай өткізіп жүр?
Кез келген мектептегі сабақ кестесіне көз жүгіртсеңіз, дене шынықтыру сабағы ең соңғы сағатқа қойылған. Бұл уақытта бала шаршап, үйіне асығып отырады. Оның шынығуға құлқы да жоқ. Мұғалім көңілі түссе, сабағын өткізеді. Әйтпесе, балалардың өздері ақша жинап сатып алған екі добын қолдарына ұстатып, алаңға қуады. Міне, ауылдағы дене шынықтыру сабағының сиқы осы.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет» деп, әкімдерге тапсырма беріп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов спортқа тәуір-ақ көңіл бөледі. Жергілікті «Ордаба-сы» футбол клубының ойындарына жиі баратын. Тіпті, қарсыластың қақпасына соғылған бір доп үшін 1 000 000 теңге атаған кезі де болды. Кешегі Чикаго қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атан-ған боксшы Еркебұлан Шынәлиевке пәтер беретінін айтқан (“Әкімнің сөзі өтірік болғаны ма?” “Халық үні” №02(192). Спортшыларды қолдау деп нағыз осыны айтса керек. Бірақ... Өкінішке орай, облыс әкімі теледи-дардан жағымды жаңалық айтқан-мен, бұл уәде іс жүзінде орындалған жоқ. Қалада тұрмағаны үшін пәтерге қолы жетпеген Шынәлиев әлі «кепе-де» тұрып жатыр. «Олимпиада ойын-дарынан жүлде алады-ау» деген облыстағы бетке ұстар спортшы-ларымыздың жағдайы осындай.
Ал стадиондар мен спорт кешенін салу жөнінен де жағдайымыз мәз емес. Осыдан 5 жыл бұрын Шымкент қаласында Спорт сарайы қолданылу-ға берілген. Бұл үй тұрғызып, қайта-дан бұзып тастайтын бұзық баланың үйшік ойнағанындай болды. Бірнеше жыл бойы мақтанып, «Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан» деп жүрген сарайымыздың өмір жасы төрт-ақ жылға жетті. Басқа салатын орын тап-пағандай, оның ішіне мұз айдынын салғалы отырмыз. Бірақ, өзі де қатты жел тұрса құлап қалатындай күйде тұр еді. Бәлкім, бұл дұрыс та болған шығар.
Елбасы «Министрліктер мен әкім-діктер салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыруы қажет» дегенді де айтқан. Бірақ, бізде спортты насихаттау жұмысы жоқ десе де болғандай. Депутат ағаларымыз-дың бірі айтқандай, спорт арнасын ашып бермей-ақ қойсын. Қазақстанда тұрып таза қазақша сөйлейтін бір телеарна таба алмай отырып, әлгін-дей талап қоюымыз қисынға келмес. Дегенмен, бес минут сайын жарнама көрсететін телеарналар спорттық бағдарлама көрсетуге уақыт бөле алмай ма? Кей-кейде «Ел арна», «Хабар» арналарында футболдан Ұлттық құрамамыздың ойынын тіке-лей эфирде көрсетіп қалатын кезі болады. Екі таймның ортасында 15 минуттық үзіліс бар. Сол араға еліміздің спорты жайында жаңалықты сыйдыра алмаған сабаздарымыз мультфильм қойып қояды. Футбол көріп отырған жанкүйерлердің басым бөлігі ер кісілер екені белгілі. Оларға мультфильм неге керек? Бұл жағын ойлап жатқан ешкім жоқ.
Жарайды, мультфильмге өкпеле-мей-ақ қоялық. Енді мерзімі әлдеқа-шан өтіп кеткен шетелдің бағдарла-масын бермей-ақ қоюға болады ғой. Зидан, Бекхэм сияқты футболшылар-дың Әлем чемпионатына дайындығы жайлы айтып, қайталай береді. Ал ол чемпионат 2006 жылы өтіп кеткен. Бұл не сонда? Әйтеуір уақыт өткізу ме? Оның орнына Қазақстан спортының жеткен жетістігі жайлы кішкентай үзінді берсе, мың есе артық емес пе?
Қазіргі күні қай қалада жүрсеңіз де, жарнама тақтайшаларында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен сөзі тұрады. Әрине, біз оған қарсы емеспіз. Бірақ, барлық нәрсенің өз заңдылығы болады емес пе? Сол жарнама тақтайшаларының біраз бөлігі әлеуметтік, қоғамдық салалар-дың еншісінде тиесілі. Неге «Есірт-кіден сақтан!», «Спортпен шұғыл-дан!» секілді насихат сөздерін көр-мейміз? Неге еліміздің атын әлемге танытып жүрген спортшыларымыз-дың салауатты өмір салтын ұстануға шақырған сөздері ілініп тұрмайды? Президентіміздің суретін қай жер болса, сол жерге іле беру жарнама емес, барып тұрған жағымпаздық қой.
Ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген бастаманың көпшілігі жақсы жолға қойылмаған. Бәлкім, енді қолға алынар. Әйтеуір, Парла-мент Мәжілісінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр ғой. Содан нәтиже шығарар деген үмітіміз бар.
Сөз соңында айтарымыз, жақында ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы жылдары спортпен және дене тәрбиесімен айналысатындардың қатары өсе түскенін мәлімдепті. Бүгінгі күні еліміз бойынша спортпен шұғылданатындар саны 2 млн. 338 мың адамға жетіпті. Бұл Қазақстан тұрғындарының 15 пайызын құрайды. Қайырбек Өскенбаев мырзаның мұндай мәліметті неге сүйеніп айтқанын білмейміз. Дегенмен, халқымыздың спортқа бет бұрғанын біліп, қуанып отырмыз. Енді билік тізгінін ұстаған ағаларымыздың спортқа оң көзбен қарауы ғана қалғандай.
Мирас ӘСЕМ.

2/11/2008

БІРЖАН ДА БЕЙЖІҢГЕ БАРАДЫ


Ақпанның 4-жұлдызында Тайландта топ жарған жерлесіміз Біржан Жақыповты жақындары мен жанкүйерлері Шымкент қаласындағы әуежайдан күтіп алды.
- Мені осылай қарсы алып, құрмет көрсеткендеріңізге үлкен рахмет! Тайландқа аттанарда жолдама алып қайтуға уәде берген едім. Уәдемнің үдесінен шықтым. Енді Бейжің Олимпиадасына дайындықты бастап, аянбай тер төгуім керек. Қытайдан кем дегенде қола медаль алуға тырысамын, - деді Біржан Жақыпов.

Сәлем!

Мен блогты қалай ашуды білмеймін. Егер осы блогты ашқан болсаңыздар, ақыл-кеңес берсеңіздер екен.
Сәлеммен Мирас.